Популярные темы

Абай күні: 50 мыңнан астам адамды қамтыған 350 іс-шара

Дата: сегодня в 09:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай күні: 50 мыңнан астам адамды қамтыған 350 іс-шара

Қазақстанда Абай күніне орай еліміздің барлық өңірінде мәдени, білім беру, ғылыми-ағартушылық және спорттық бағыттағы 350 іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Мәдениет ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Оларға 50 мыңнан астам адам қатысты.

Семейдегі «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығында Абай дәуіріне қатысты қолжазбалар, архив құжаттары мен естеліктер ұсынылып, әдеби квест, Абай әндерінің фестивалі және көрме өтті.

Алматыда өткен «Абай әлемі» музыкалық-поэзиялық кешіне 20 мыңнан астам адам жиналды. Кеш барысында Абайдың 1909 жылы жарық көрген тұңғыш жинағының тарихына арналған «Алғашқы кітап» деректі фильмінің премьерасы өтті.

Абай мұрасы шетелде де дәріптелді. Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығында «Абай – Ұлы тұлға» дөңгелек үстелі ұйымдастырылып, қытайлық ғалымдар, жазушылар мен аудармашылардың ақын шығармаларын зерттеу және насихаттау жұмыстары талқыланды.

Өңірлерде «Abai Joly – 100 miles» ультрамарафоны, «Адамзаттың Абайы» республикалық айтысы, Абай оқулары, спектакльдер, көрмелер, концерттер мен білім беру жобалары өтті.

Абай мұрасы — ұлттың рухани қазынасы. Оны дәріптеу — өткенді тану ғана емес, келешекке бағыт сілтеу.
 Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями