Алматыда Таиландтан аса ірі көлемде есірткі алып өтпек болған 22 жастағы Қазақстан азаматшасы 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
Сот оның жалпы салмағы 8,8 келі каннабис сығындысы салынған екі чемоданды ақшалай сыйақы үшін Қазақстанға жеткізуге келіскенін анықтады. Алайда бойжеткен Алматы халықаралық әуежайына келген сәтте ұсталған.
Прокуратура әлеуметтік желілерде ұсынылатын «оңай табыс» пен тегін саяхат туралы ұсыныстардың көбіне халықаралық есірткі тасымалының бір бөлігі болатынын ескертеді. Мұндай қылмысқа қатысқандар заң алдында қатаң жауапкершілікке тартылады.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Фото: ЖИ
По сообщению сайта Arna Press