Популярные темы

Абай облысында республикалық «Абай оқулары» фестивалі басталды

Дата: вчера в 11:28 Категория: Новости культуры


Абай облысында республикалық

Абай облысында екі күнге созылатын республикалық «Абай оқулары» фестивалі болады, деп хабарлайды Arnapress.kz Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап. 

Фестивальдің салтанатты ашылуы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында өтті. Шараға еліміздің бірнеше өңірінен және Абай облысының қала-аудандарынан келген қатысушылар жиналды.

Іс-шара барысында қатысушылар «Абай және ұлдары» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақынның мемориалдық музей-үйін аралап, оның өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи жәдігерлермен танысты.

Фестивальдің екінші күні қонақтар Абай ауданының тарихи-мәдени орындарына экскурсия жасап, Күшікбай батыр, Еңлік–Кебек ескерткіштерін, сондай-ақ Бөрілі, Сырт-Қасқабұлақ және Жидебай мекендерін аралайды.

Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости культуры
Поделитесь новостью с друзьями