Популярные темы

Семейде екі көше жөнделіп жатыр

Дата: сегодня в 11:28


Семейде екі көше жөнделіп жатыр

Семейде жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Қазір орташа жол жөндеу жұмыстары Абай және Жангелдин көшелерінде жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 

Абай көшесінде 2,7 шақырым жолға жаңа екі қабатты асфальт төселіп, бордюрлар толық жаңартылады. Ал Жангелдин көшесінің 1,6 шақырым бөлігі жөнделіп, жаңа бордюрлар орнатылып, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынады.

Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы жөндеу жұмыстарының барысын бақылап, мердігерлерге жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Фото: Семей қаласының әкімдігі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями