Популярные темы

Семейде екі автобус бағыттары уақытша өзгереді

Дата: вчера в 17:28 Категория: Новости авто


Семейде екі автобус бағыттары уақытша өзгереді

Семей қаласында Абай көшесіндегі автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты 20 шілдеден бастап №2 және №35 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жаңа бағыт бойынша автобустар «Shygys Mall» аялдамасынан кейін Шайжүнісов көшесімен жүріп, Жұмабаев, Найманбаев және Қ. Мұхамедханов көшелері арқылы өз бағыттарын жалғастырады. Кері бағыттағы қозғалыс та осы сызба бойынша ұйымдастырылады.

Уақытша өзгерістер жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін сақталады. Қала тұрғындары мен қонақтарына сапарларын алдын ала жоспарлап, енгізілген өзгерістерді ескеруге кеңес беріледі.

Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости авто
Поделитесь новостью с друзьями