Популярные темы

Суға шомылу маусымы: елімізде 69 баланың өмірі қиылды

Дата: сегодня в 12:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Суға шомылу маусымы: елімізде 69 баланың өмірі қиылды

Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балалардың судағы қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері елімізде өзен, көл және бассейндерде 69 бала суға батып қаза болған. Қайғылы оқиғалардың басым бөлігі шомылуға рұқсат етілмеген әрі арнайы жабдықталмаған су айдындарында тіркелген.

Министрлік азаматтарға тек арнайы жабдықталған жағажайларда ғана шомылуға, балаларды су жағасында қараусыз қалдырмауға және оларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге кеңес береді. Сондай-ақ аптап ыстықтан кейін бірден салқын суға түспеу қажеттігі ескертілді.

ІІМ тыйым салынған орындарда шомылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті. Жыл басынан бері осы құқық бұзушылық үшін 2700-ден астам адам жауапқа тартылған.

Ведомство ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі ең алдымен өздерінің жауапкершілігінде екенін тағы бір мәрте еске салды.

Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями