Популярные темы

Қазақстанда суррогат ана қызметіне қатысты талаптар өзгерді

Дата: сегодня в 17:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда суррогат ана қызметіне қатысты талаптар өзгерді

Қазақстанда суррогат ана қызметіне қатысты заңнамаға маңызды өзгерістер енгізілді. 2026 жылғы 14 шілдеде Мемлекет басшысы мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz prg.zanger сілтеме жасап.

Құжат аясында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске де түзетулер енгізілді.

Жаңа талаптарға сәйкес, суррогат ана қызметіне тек заңды некеде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары ғана жүгіне алады. Бұған дейін мұндай қызметті шетел азаматтары да пайдалана алатын.

Заң бойынша суррогат анамен жасалатын шарт міндетті түрде жазбаша рәсімделіп, нотариатта куәландырылуы тиіс. Сонымен қатар, тапсырыс беруші ерлі-зайыптылар қосалқы репродуктивтік технологияларды жүргізетін медициналық ұйыммен де жеке келісімшарт жасасуға міндетті.

Сондай-ақ ерлі-зайыптылар суррогат ананың медициналық тексеруіне, қосалқы репродуктивтік технологияларды қолдануға, жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі медициналық қызметтерге байланысты барлық шығындарды өтеуге міндеттеледі. Бұдан бөлек, олар өздерінің физикалық және психикалық денсаулығы туралы медициналық қорытындыны, сондай-ақ медициналық-генетикалық тексеру нәтижелерін ұсынуы қажет.

Бұл өзгерістердің енгізілуіне Қазақстандағы суррогат ана қызметін құқықтық тұрғыдан қатаңырақ реттеу қажеттілігі себеп болды. Бұған дейін Мәжіліс депутаттары қолданыстағы заңнамадағы олқылықтардың салдарынан елімізде «репродуктивтік туризмнің» дамуы, құқықтық даулардың туындауы және дүниеге келген балалардың азаматтығына қатысты мәселелердің пайда болу қаупі бар екенін көтерген болатын.

Осыған байланысты депутаттар Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп заңнамаға түзетулер әзірлеп, шетел азаматтарының Қазақстанда суррогат ана қызметін пайдалануына тыйым салуды ұсынған еді.

Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями