Популярные темы

Абай облысында жыл басынан бері 10 бала терезеден құлаған

Дата: сегодня в 13:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында жыл басынан бері 10 бала терезеден құлаған

Абай облысында жыл басынан бері балалардың терезеден құлауының 10 дерегі тіркелді, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Осыған байланысты облыстық Полиция департаменті ата-аналарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Жаз мезгілінде ашық терезелер балалар үшін ерекше қауіп төндіреді. Мамандардың айтуынша, москит торы баланы қорғай алмайды. Керісінше, ол балаға жалған қауіпсіздік сезімін тудырып, қайғылы жағдайға себеп болуы мүмкін.

Полицейлер ата-аналарға:
балаларды ашық терезенің жанында қараусыз қалдырмауға;
терезелерге арнайы бекіткіштер мен шектеу құрылғыларын орнатуға;
терезе маңына жиһаз қоймауға;
москит торын қорғаныс құралы ретінде пайдаланбауға кеңес береді.

Еске салайық, егер ата-аналар немесе заңды өкілдер баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамай, соның салдарынан баланың денсаулығына зиян келсе, олар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями