Популярные темы

Алишер Сүлейменов Бразилияда халықаралық шахмат турнирінде жеңіске жетті

Дата: вчера в 13:17 Категория: Новости стран мира


Алишер Сүлейменов Бразилияда халықаралық шахмат турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық гроссмейстер Алишер Сүлейменов Бразилияның Матиньюс қаласында 28 маусым мен 5 шілде аралығында өткен X Torneio Internacional de Xadrez SESC Caiobá халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Турнирге Оңтүстік Американың жетекші шахматшылары қатысқан 150 спортшы жиналды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыстар триатлон форматында (классика + рапид + блиц) өтті. Басты классикалық турнирде Алишер 9 турда 8 ұпай жинап, бірінші орынға тұрақтады. Турнир барысында қазақстандық шахматшы гроссмейстерлер Аксель Бахман, Луис Паулу Супи және Яго Сантьяго сияқты мықты қарсыластармен кездесті.

«Өзімнің төртінші open-турнирімді жеңдім — бұл жолы Бразилияда. Нәтиже — 8/9 және карьерамдағы ең жақсы перформанстардың бірі: 2683. Алыс сапар күткеннен де асып түсті. Бөлек айта кететіні — шахмат аңызы Оскар Панно (91 жас)мен танысу. Ол жабылу салтанатында жүлделерді табыстады. Маған қолдау көрсетіп жүргендердің барлығына үлкен алғыс: Тимур Тұрлов, Қазақстан шахмат федерациясы, Freedom Инвестиции, Freedom Shapagat Corporate Foundation. Турнирлерде және одан тыс жерде қолдау көрсеткені үшін психолог Рустам Калинаға алғыс айтамын. Жаттықтырушыларыма және спарринг-партнёрлеріме ерекше алғыс. Сіздердің кәсібилігіңіз, қолдауыңыз және бірлескен жұмысыңыз — менің әрбір жетістігімнің маңызды бөлігі», — деп Алишер Сүлейменов әлеуметтік желілерде жазды.

SESC Caiobá фестивалі — Бразилиядағы ең ірі халықаралық шахмат шараларының бірі. Биыл фестиваль оныншы рет өткізілді.

Классика, рапид және блиц нәтижелерінің қосындысы бойынша анықталатын «шахмат триатлонының» жалпы есебінде Алишер Сүлейменов екінші орын алды. Ол бразилиялық гроссмейстер Александр Фиерге есе жіберді.

По сообщению сайта SportInfo

Тэги новости: Новости стран мира
Поделитесь новостью с друзьями