Популярные темы

Семейде 11 мыңнан астам абонент ыстық сусыз қалды

Дата: вчера в 11:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде 11 мыңнан астам абонент ыстық сусыз қалды

Семей қаласында Посмаков — Дулатов көшелерінің қиылысында магистральдық жылу желісінің тармағында апаттық жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Arnapress.kz «Теплокоммунэнерго» МКК сілтеме жасап.

Жылумен жабдықтау кәсіпорнының мәліметінше, диаметрі 57 мм құбырда ақау анықталған. Осыған байланысты 6 шілде күні сағат 19:41-де желі уақытша жабылды.

Салдарынан 11 250 абонент, яғни 166 көпқабатты тұрғын үй ыстық сусыз қалды. Мамандардың алдын ала мәліметінше, ыстық су 7 шілде күні сағат 17:00-де қайта беріледі.

«Теплокоммунэнерго» кәсіпорны тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністік танытқандары үшін алғыс білдірді

Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями