Популярные темы

Абай облысында терек мамығын өртеуге ескерту жасалды

Дата: вчера в 17:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында терек мамығын өртеуге ескерту жасалды

Абай облысы Полиция департаменті терек мамығын қасақана өртеу өрт қауіпсіздігі талаптары мен қоғамдық тәртіпті бұзу болып саналатынын ескертеді, деп хабарлайды Arnapress.kz департаменке сілтеме жасап. 

Жағдайдың мән-жайы мен салдарына қарай кінәлі тұлғалар келесі баптар бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410-бабы бойынша — өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін;

ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша — қоғамдық тәртіпті бұзатын ұсақ бұзақылық әрекеттері үшін;

кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Егер терек мамығын өртеу салдарынан материалдық шығын келтірілсе немесе ірі өрт орын алса, қылмыстық жауапкершілік те көзделген.

Полиция ата-аналарды балалармен профилактикалық әңгіме жүргізуге, ал азаматтарды терек мамығын өртеу немесе өрт фактілері туралы дереу «102» арнасына хабарлауға шақырады.

Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями