Популярные темы

Қазақстан U-17 құрамасының Әзербайжанға қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылар тізімі

Дата: сегодня в 11:16 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстан U-17 құрамасының Әзербайжанға қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылар тізімі

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы маусым айында Әзербайжан құрамасына қарсы екі халықаралық жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Команданың оқу-жаттығу жиыны 2 маусым күні Талғардағы ұлттық құрамалар базасында басталады. Қос кездесу де Әзербайжанның Габала қаласында өтеді. Алғашқы жолдастық матч 6 маусымға жоспарланса, екінші кездесу 9 маусымда өтеді.

Тізімге 29 футболшы енді:

Қақпашылар: Абай Заманбек, Мирдиер Мирахматов (екеуі де – ҚФФ Академиясы), Матвей Ковальчук («Қайрат»), Байжан Асхат («Шахтер»);

Қорғаушылар: Ислам Рашидов, Әлихан Әбди, Ильдар Датхабаев, Георгий Гречка (барлығы – «Қайрат»), Михаил Турищев, Данияр Қаси, Никита Лисохмар (барлығы – ҚФФ Академиясы), Абылай Тоқтасын («Шахтер»), Джамиль Қалмаханбек («Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Әли Садырбаев, Тимур Казанцев (екеуі де – «Шахтер»), Алихан Ахилбаев, Нұрали Салимов, Әлижан Зәру, Нұрхад Нұрымов, Темірлан Абжапар (барлығы – «Қайрат»), Асхат Дұтпаев, Сұлтан Дәуренов (екеуі де – ҚФФ Академиясы), Рахман Аман («Ордабасы»), Салим Хасанов («Вильярреал», Испания);

Шабуылшылар: Роман Черноморец, Тамерлан Сарсымбаев (екеуі де – «Қайрат»), Әнуар Төленді, Бекасыл Қанат (екеуі де – ҚФФ Академиясы), Алмат Сапархан («Ордабасы»).

По сообщению сайта SportInfo

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями