Популярные темы

ІІМ ескертті: аккаунтыңызды бөгде адамға бермеңіз

Дата: сегодня в 10:58


ІІМ ескертті: аккаунтыңызды бөгде адамға бермеңіз

Қазақстан ІІМ азаматтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарын бөгде адамдарға бермеуге шақырды, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, алаяқтар жасөспірімдерден sim-карталар мен тіркелген аккаунттарды сатып алып, оларды заңсыз мақсатта пайдалануда.

Полиция өкілдерінің айтуынша, кәмелетке толмағандар кей жағдайда материалдық сыйақы үшін өз атына sim-карта рәсімдеп, оны мессенджерлер мен әлеуметтік желілерге тіркегеннен кейін үшінші тұлғаларға береді. Ал қаскөйлер бұл аккаунттарды азаматтарға алаяқтық қоңыраулар шалу және өзге де заңсыз әрекеттер жасау үшін қолданады.

ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мұндай әрекеттер Қазақстан заңнамасына сәйкес қылмысқа жәрдемдесу ретінде бағалануы мүмкін екенін ескертті.

Ведомство азаматтарға күмәнді sim-карталарды сатып алмауға, аккаунттарды бөгде адамдарға пайдалануға бермеуге және балаларға мұндай әрекеттердің салдарын түсіндіруге кеңес береді. Сонымен қатар күдікті жағдайлар анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырды.

Полиция цифрлық қауіпсіздікке бейжай қарамай, интернет кеңістігінде қырағылық таныту маңызды екенін атап өтті.

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями