Популярные темы

Өмірді жалғайтын мүмкіндік: бір донор қанша жанды құтқара алады?

Дата: сегодня в 13:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Өмірді жалғайтын мүмкіндік: бір донор қанша жанды құтқара алады?

Бүгінде Қазақстанда ағза трансплантациясы көптеген науқас үшін өмірді жалғастырудың жалғыз мүмкіндігіне айналып отыр. А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы басқарма төрағасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас трансплантологы Болатбек Баймаханов елімізде донорлық пен ағза ауыстыру саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Маманның сөзінше, бір мәйіттік донор 7–8 адамның өмірін сақтап қала алады. Қазіргі таңда Қазақстанда бүйрек, бауыр, жүрек және басқа да ағзаларды трансплантациялау операциялары жасалады.

Статистика да үміт сыйлайды: бүйрек трансплантациясынан кейін пациенттердің 80 пайыздан астамы 10 жылдан артық өмір сүреді. Ал бауыр ауыстырған науқастардың шамамен 74 пайызы ұзақ жыл қалыпты өмірін жалғастырып келеді.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл тек өмір сүру ұзақтығы ғана емес, оның сапасы туралы да маңызды көрсеткіш. Трансплантациядан кейін адамдар қайта еңбекке араласып, отбасын құрып, бала сүйіп, толыққанды өмірге оралуда.

Фото: ЖИ

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями