Популярные темы

Қазақстан ерлер құрамасы Қытайда өтетін Әлем кубогының кезеңіне дайындықты бастады

Дата: 21 мая 2026 в 08:26 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстан ерлер құрамасы Қытайда өтетін Әлем кубогының кезеңіне дайындықты бастады

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Өзбекстанның Янгиабад қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған жиынға Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Тәжікстан және Корея құрамалары қатысуда.

Оқу-жаттығу жиынының бағдарламасы бойынша әр елдің боксшылары шеберлігін шыңдап, жалпы дене дайындығына жұмыс жүргізуде.

Айта кетейік, екінші Әлем кубогының кезеңі 15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтеді.

По сообщению сайта SportInfo

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями