Семей қаласындағы аулалардың бірінде қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның жеке басы анықталды, деп хабарлайды полиция департаментіне сілтеме жасаған Arnapress.kz
Оқиға 10 мамырға қараған түні болған. Полиция мәліметінше, 34 жастағы қала тұрғыны тұрғын үй маңында отшашу атып, тұрғындардың тыныштығын бұзған. Бұл туралы қала тұрғындары әлеуметтік желілер арқылы хабарлаған.
Тәртіп сақшылары құқық бұзушыны жедел анықтап, оған қатысты әкімшілік материал жинады. Іс сотқа жолданған.
Абай облысы Полиция департаменті тұрғын үйлердің маңында, әсіресе түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды қолдануға тыйым салынатынын еске салды. Мамандардың айтуынша, мұндай әрекеттер тек тыныштықты бұзып қана қоймай, адамдардың қауіпсіздігіне де қауіп төндіруі мүмкін.
Полицияның мәліметінше, әдеттегі хлопушка, бенгал шамдары мен шағын салюттер тұрмыстық пиротехникаға жатады. Ал қуатты фейерверктерді тек ІІМ лицензиясы бар ұйымдар ғана пайдалана алады. Сонымен қатар ірі салют ұйымдастыру үшін алдын ала рұқсат алып, полициямен келісу қажет.
Құқық қорғау органдары пиротехниканы пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік пен айыппұл қарастырылғанын ескертті.
Фото: ЖИ
По сообщению сайта Arna Press