Популярные темы

Семейде автобустан өрт шықты

Дата: вчера в 17:28 Категория: Новости авто


Семейде автобустан өрт шықты

Arnapress.kz тілшісі оқиға орнынан өтіп бара жатып, Семей қаласындағы Сеченов көшесінде орын алған өрттің куәсі болды. Осы орайда төтенше жағдайдар департаментінен пікір сұрағанымызда осындай жауап алдық.

«Белгілі болғандай, бүгін Абай облысы ТЖД «101» пультіне аталған мекенжайда автобус жанғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар уақытша тұрақта тұрған «Мерседес Бенц» маркалы автобустың аспаптар панелі, салон қаптамасы мен орындықтарының жанғанын анықтады. Өрттің жалпы ауданы 30 шаршы метрді құрады. Сонымен қатар, жоғары температураның әсерінен шамамен 10 шаршы метр аумақта навестің металл конструкциясы деформацияланған»,-делінген хабарламада

 

Публикация от ⚡️Новости ARNAPRESS⚡️ (@arnapress_news)

Фото: Arnapress.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости авто
Поделитесь новостью с друзьями