Популярные темы

Қазақстандық пара жеңіл атлеттер әлемдік Гран-При сериясында 11 медаль еншіледі

Дата: сегодня в 17:36 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстандық пара жеңіл атлеттер әлемдік Гран-При сериясында 11 медаль еншіледі

Марокконың Рабат қаласында пара жеңіл атлетикадан Гран-приде қазақстандық пара спортшылар 1 алтын, 4 күміс және 6 қола медаль  жеңіп алды. Атап айтқанда, диск лақтырудан F-53 класында өнер көрсеткен Махамбет Серикалиев жеңімпаз, ал Санат Есмахамбет қола жүлдегер атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мейіржан Макшат T-46 класында ұзындыққа секіруден  күміс жүлдені еншіледі. 

200 м қашықтыққа жүгіруден Мейіржан Мақшат(T-46) пен Аман Устебаев (T-36) жарыстың қола жүлдесіне ие болды. 

Найза лақтырудан Мұқан Айтмырзаев (F-55) пен Махамбет Серикалиев (F-53) қола жүлдені жеңіп алды.

Ядроны серпуден Дастан Мукашбеков (F-36),  Равиль Мансурбаев (F46) және Мұқан Айтмырзаев  (F-55) күміс медаль еншілесе, Диана Шапошникова (F-40) қола медаль жеңіп алды. 

Айта кетсек, тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және интеллектуалды даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында өткен пара жеңіл атлетикадан Гран-при жарысы 23-25 сәуір аралығында өтті. Аталмыш додаға 57 елден 750-ден астам спортшы қатысты.

TELEGRAM

По сообщению сайта SportInfo

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями