Популярные темы

Семейде жылу қашан тоқтайтыны белгілі болды

Дата: вчера в 13:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде жылу қашан тоқтайтыны белгілі болды

Семей қаласында ауа райының тұрақталуына байланысты 21 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі сілтеме жасап. 

2025–2026 жылғы жылыту маусымы қалыпты режимде өтті. Мамандардың айтуынша, жылу жүйелерінде барлық қажетті жұмыстар уақытылы жүргізіліп, жылу көздері штаттық тәртіпте жұмыс істеген.

Жылыту маусымын аяқтау Абай облысында бекітілген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Аталған талап бойынша, сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10 °C-тан төмен емес деңгейде тұрақтап, әрі қарай жоғарылаған жағдайда жылу беру тоқтатылады.

Жылыту маусымы аяқталған соң тұрғын үйлерге ыстық су кезең-кезеңімен беріледі. Қала бойынша 601 тұрғын үй, яғни 40 мыңнан астам абонент ыстық сумен қамтамасыз етіледі.

Қала билігі тұрғындарға түсіністік танытқандары үшін алғыс білдірді.

Фото: Семей қаласының әкімдігі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями