Популярные темы

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионатының алтыны үшін айқасады

Дата: сегодня в 14:26 Категория: Новости спорта


Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионатының алтыны үшін айқасады

Ордоста (ҚХР) өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Ұлттық құрама спортшысы Әділет Алмат финалға шықты. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ерлер арасындағы 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында отандасымыз тәжікстандық Бехрузи Ходжазоданы жеңіп, кем дегенде күміс жүлдені қамтамасыз етті.

Сондай-ақ жартылай финалда 63 келіге дейінгі салмақта Эсмигүл Куюлова өнер көрсетті. Өкінішке қарай, спортшымыз КХДР өкілі Ким Джи Хуеге есе жіберді.

Енді Эсмигүл Куюлова қола медаль үшін тайбэйлік Ян Пей-Чунға қарсы белдеседі. Ал Әділет ақтық сайыста тәжікстандық Самон Махмадбековпен күреседі.

По сообщению сайта SportInfo

Тэги новости: Новости спорта
Поделитесь новостью с друзьями