Популярные темы

Ербол Хамитов 2026 жылғы Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Дата: вчера в 22:56


Ербол Хамитов 2026 жылғы Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды.  

Отандасымыз пара биатлон жарысында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Хамитов 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) топ жарды.

Айта кетейік, бұған дейін Ербол Хамитов пара шаңғы жарысында қола медаль иеленген еді.

По сообщению сайта SportInfo

Поделитесь новостью с друзьями