Популярные темы

Семейдегі бір кешенде аялдамаға жету қиындады

Дата: сегодня в 11:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейдегі бір кешенде аялдамаға жету қиындады

Қарағайлы ықшам ауданынан «Северный» аялдамасына жету тұрғындар үшін қиынға соғып отыр. Қала тұрғыны редакциямызға жолдаған хатында бұл аумақтағы жолдың жағдайы алаңдатарлық екенін айтты.

Оның сөзінше, қар еріген кезде жол лайсаң болып, су жиналып кеткен. Ал кейін ауа райы күрт суытып, жер қатып қалғандықтан, жол ойлы-қырлы мұзға айналған. Мұндай жағдайда жаяу жүру өте қиын әрі қауіпті.

«Құлап қалсаң, жарақат алып қалуың да мүмкін. Осы жерден балалар мектепке қалай барады? Мектептің маңында аялдама жоқ екенін бірнеше рет ескерткен едік», — дейді тұрғын.

 

Публикация от ⚡️Новости ARNAPRESS⚡️ (@arnapress_news)

Қала тұрғыны бұл мәселе әсіресе оқушылар үшін қауіпті екенін айтып, тиісті мекемелерден жолды ретке келтіріп, мектеп маңына аялдама мәселесін қарастыруды сұрайды.

Еске салайық, «Сіздің жаңалығыңыз» айдарына хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp арқылы +7 708 504 30 05 нөміріне жаза аласыз. Хабарламаңыз Arnapress сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланып, сондай-ақ «Радио 7» эфирінде оқылады.

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями