Популярные темы

Ұлыбританиядағы студенттік дзюдо жарысында қазақстандық жеңіске ие болды

Дата: вчера в 17:58 Категория: Общество


Ұлыбританиядағы студенттік дзюдо жарысында қазақстандық жеңіске ие болды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында дзюдодан Ұлыбритания университеттері арасындағы ашық біріншілік өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Аталған жарысқа «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтіп жүрген Еркебұлан Мәдениетұлы да қатысып, Лидс университетінің атынан өнер көрсетті. Еркебұланмен тілдесіп, сұхбаттастық.

«500 ғалым» бағдарламасы әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында қазақстандық ғалымдардың біліктілігін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бекітілген. 

«Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша жыл сайын 500 стипендия бөлінеді. Аталған бағдарлама бойынша Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (ҚазАТЗУ) «Шетел тілі» кафедрасы оқытушысы ретінде 2024-25 оқу жылғы конкурстың иегері атандым. Қазіргі уақытта Ұлыбритания еліндегі Лидс қаласы, Лидс университетінде (University of Leeds) ғылыми тағылымдамадан өтіп жатырмын. Жалпы Лидс университетінің дәрежесіне келсек әлемдегі үздік 100 университетке (QS World University Rankings 2026) кірсе, Ұлыбритания елінде үздік 25 университеттің қатарында тұр. Университет өзінің сапалы білімінің арқасында әлемнің мыңдаған елінен студент қабылдап ғана қоймай, зерттеу және инновациялық жұмыстарымен белгілі. Мереке қарсаңында  университет атынан қатысқантым, белдесулер нәтижесінде жүлделі бірінші орынды иелендік», — дейді Еркебұлан

Жарыс өте бәсекелі өтті және жоғары деңгейде ұйымдастырылған екен. 

«Ливерпулв, Манчестер, Лидс Сияқты үлкен университеттерден студенттер қатысты.  Әрбіреуінде 40 мыңдық студенті бар. Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын», – деді ол.

Жарыстың басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және студенттер арасындағы спортты дамыту.

Гүлнұр Ахметжан

Фото: Еркебұлан Мәдениетұлынан

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Общество
Поделитесь новостью с друзьями