Популярные темы

Шыңғыс Ракпаров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады

Дата: 17 февраля 2026 в 21:46 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Шыңғыс Ракпаров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады

Қазақстандық спортшы Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысынан Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды. 

Отандасымыз тұғырдан секіру нәтижесі бойынша 35-орынға жайғасты. Шаңғы жарысында спортшы дәл осы орыннан, көшбасшыдан 4 минут 6 секунд айырмашылықпен жарыс жолына шықты.

Нәтижесінде Ракпаров 32-орында мәреге жетіп, жеңімпаздан 7 минут 57 секундқа артта қалды.

Норвегиялық Енс Лурос Офтебру екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Австриялық Йоханнес Лампартер екінші орынға ие болды. Ал үздік үштікті финляндиялық Илькка Херола түйіндеді.

По сообщению сайта SportInfo

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями