Популярные темы

Семейде TikTok арқылы терроризмді насихаттаған азамат сотталды

Дата: сегодня в 11:48 Категория: Происшествия


Семейде TikTok арқылы терроризмді насихаттаған азамат сотталды

Абай облысының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Прокуратура мәліметінше, Семей қаласының тұрғыны онлайн-платформалар арқылы террористік сипаттағы материалдарды таратқан. Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2024 жылғы шілде мен 2025 жылғы сәуір аралығында TikTok әлеуметтік желісінде анонимді аккаунттар пайдаланып, сондай-ақ азаматтармен жеке хат алмасу барысында терроризмді насихаттайтын контент жариялаған.

Таратылған материалдар зорлық-зомбылық идеологиясын насихаттап, террористік қызметті ақтауға бағытталғаны анықталған.

«Сот үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі – «Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру» бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ Бас прокуратура Қазақстан Республикасының аумағында «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының қызметі террористік деп танылып, оған толық тыйым салынғанын еске салды.

Фото: жасанды интеллект арқылы

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Происшествия
Поделитесь новостью с друзьями