Семейдегі жаңа көпірдің аралық құрылысына арналған 9 мың тонна металл конструкция сатып алынып, оның 2,6 мың тоннасы нысанда монтаждалған дейді Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Arnapress.kz ресми сұрауында.
Семей қаласындағы жаңа көпір былтырғы жылы яғни, 2025 жылдың соңында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған еді. Алайда ұзақ уақыт бойы ресми ақпарат жарияланбағандықтан сайт тілшілері сұрау жолдаған болатын.
Басқарманың мәліметінше, автомобиль көпірін реконструкциялау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда жобаға қарастырылған 9 тіректің 8-і толық тұрғызылған. Құрылыс барысында кестеден ауытқу жоқ. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың соңына жоспарланған.
Жобаға сәйкес көпір Шәкәрім және Тәңірберген көшелерін байланыстырады. Сондай-ақ көпірдің екі жағында жаяу жүргіншілерге арналған жол қарастырылған.
По сообщению сайта Arna Press