Популярные темы

Қазақстан Ұлттық банкі «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» коллекциялық монета шығарады

Дата: 03 февраля 2026 в 12:36 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстан Ұлттық банкі «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» коллекциялық монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Спорт» сериясынан «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» монеталарын айналысқа шығарады, Sportinfo.kz хабарлайды. 

Монеталардың қашан сатуға шығарылатыны туралы ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланады.

Коллекциялық монета туралы

Шорт-трек – конькимен жүгіру спортының олимпиадалық түрі. Ол жоғары жылдамдығымен, тактикалық тартысымен және көрермен үшін өзіндік тартымдылығымен ерекшеленеді. Спорттың бұл түрі 1992 жылдан бері қысқы Олимпиада ойындарының бағдарламасында бар. Жарыс кезіндегі бәсеке деңгейінің жоғары болуы мен қарқынды динамикасы халықаралық деңгейде қалың аудиторияның назарын баурап келеді.

«OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» коллекциялық монеталары немістің MDM Münzhandelsgesellschaft mbH & Co. KG Deutsche Münze (MDM) нумизматика компаниясымен серіктестік негізде әзірленді.
Монета 925 сынамалы күмістен дайындалған. Массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңгелік, дайындау таралымы – 2000 (екі мың) дана.

Монетаның бейнесі

По сообщению сайта SportInfo

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями