Популярные темы

Абай облысында ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан біріншілік өтті

Дата: сегодня в 11:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан біріншілік өтті

Абай облысында тоғызқұмалақ федерациясы қайта жанданып, өңірде ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан біріншілік өтті. Осы жөнінде Arnapress.kz тілшісі тоғызқұмалақтан Абай облысының аға жаттықтырушысы Жарас Исахановпен сұхбаттасып, жетістіктері жайлы сұраған еді. 

«Қатысушылардың деңгейі жоғары дәрежеде болып, тартысты ойындар көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тек соңғы ойын нәтижесінде ғана анықталды. Жарысқа Аягөз ауданы, Абай ауданы, Көкпекті ауданы, Жарма ауданы, Бесқарағай ауданы және Семей қаласынан барлығы 52 спортшылары қатысып, жарыс 7 тур бойынша ұйымдастырылды. 4 күнге созылған бәсекенің нәтижесі анықталды», — тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушы Жарас Исаханов.

Классика түрінен ерлер арасында бірінші орынды Семейлік Ерболат Сапарбеков иеленсе, екінші орынды Жармалық Еркін Сұлтанов, үшінші орын иегері Семейлік Мадияр Бакимбаев болды. Ал, әйелдер арасындағы тартыста бірінші орын Аружан Оралбековаға бұйырса, екінші орын Әмина Мамтимем, үшінші орын Малика Асемхановаға бұйырды. 

Рапид түрінен ерлер арасында бірінші орынды Ерболат Сапарбеков, екінші орынды Нұрдәулет Солтанбеков, үшінші орынды Еркебұлан Сапарбеков қанжығалады. Әйелдер арасында бірінші орынды Аружан Оралбекова, екінші орынды Дина Дайырбаева, үшінші орынды Малика Асемханова қанжығалады. 

Блиц түрінен ерлер арасында бірінші орын Ерболат Сапарбеков, екінші орын Еркін Сұлтанов, үшінші орын Нұрдаулет Солтанбеков алды, әйелдер сайысында Аружан Оралбекова бірінші орынды, Малика Асемханова екінші орынды. Еркежан Баймағанбетқызы үшінші орынды қанағат тұтты. 

«Тоғызқұмалақ негізінен екі ойыншының арасында өтеді. Ойынды бастайтын ойыншыны – бастаушы, ал оның қарсыласын қостаушы деп атайды. Бастаушы ойыншы жеребе арқылы немесе рейтингтік көрсеткіштер бойынша анықталады. Тоғызқұмалақ ойынында қарсыластар алма-кезек жүрістер жасайды. Жалпы 162 құмалақ ойнатылады», — дейді аға жаттықтырушы. 

Қазіргі уақытта жастардың тоғызқұмалақ ойынына қызығушылықтары артып келеді. Ойнау деңгейі де қуантады деп спикеріміз алдағы жоспарларымен бөлісті:

«Федерацияның алдағы негізгі жоспары Абай облысының барлық аудандарында тоғызқұмалақ үйірмелерін ашу, кейбір аудандарында мүлдем үйірмелер жоқ. Тоғызқұмалақ жарыстарын өткізуіне арнайы зал қарастыру. Облыста тоғызқұмалақ ойының кеңінен насихаттау. Жылда, дістүрлі түрде, тұнғыш Азия чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алмаз Жақсылықовты еске алуға арналған  Республикалық турнир өткіземіз. Болашақта Абай Құнанбайұлының атындағы Халықаралық турнирды дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып жатыр», — дейді аға жаттықтырушы Жарас Исаханов. 

Жас спортшыларға тегін түрде үйірмелер жұмыс жасап, жаттықтырушыларға семинар-сабақтар өткізіледі екен, ендеше сәттілік тілейміз!

Гүлнұр Ахметжан

Фото: жаттықтырушыдан

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями