Популярные темы

Семейдің тумасы Лондонда өткен халықаралық дәріске қатысты

Дата: вчера в 20:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейдің тумасы Лондонда өткен халықаралық дәріске қатысты

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Kazakhstan: The Territory of Academic Knowledge» тақырыбында ағылшын тілінде дәріс өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Аталған дәріс Ұлыбританияның Лондон қаласында өтті. Іс-шараға шетелде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан Семей қаласының тумасы, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Шетел тілі» кафедрасының оқытушысы Еркебұлан Мәдениетұлы да қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. 

«Дәріс барысында қазіргі академиялық білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, жасанды интеллект пен робототехниканың маңызы, робот-орталықтарды дамыту, оқытушылардың ChatGPT сынды жасанды интеллект құралдарын күнделікті кәсіби қызметінде тиімді қолдану мүмкіндіктері сөз болды. Сонымен қатар елімізде жасанды интеллект университетін құру, жаңа технологияларды түрлі салада дұрыс пайдалану, жаһандық халық санының өсу үрдісі, сондай-ақ шетелдік университеттердің кампустарын Қазақстанда ашу  мәселелері талқыланды»-дейді Еркебұлан Мәдениетұлы

Дәріске Ұлыбританияда білім алып, еңбек етіп жүрген қазақстандық ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысқан екен

«Кездесу соңында министр Саясат Нұрбек қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жас ғалымдар мен студенттерге ақыл-кеңесін айтты. Сондай-ақ елге оралып, Қазақстанның ғылымы мен жоғары білім саласының дамуына үлес қосуға шақырып, сәттілік тіледі» — деді спикер

Гүлнұр Ахметжан

Фото: Кейіпкерімізден

 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями