Популярные темы

Денсаулық сақтау министрлігі қауіпті Нипах вирусына байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Дата: сегодня в 17:28 Категория: Новости политики


Денсаулық сақтау министрлігі қауіпті Нипах вирусына байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Қазақстандағы барлық өткізу пунктінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің Telegram-арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, Қазақстан аумағында Нипах вирусын жұқтыру немесе оны елге әкелу жағдайлары тіркелмеген. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық ахуал тұрақты және толық бақылауда.

Ведомствоның мәліметінше, алдын алу мақсатында және Үндістандағы Нипах вирусына байланысты эпидемиологиялық жағдайға орай, мемлекеттік шекарадағы барлық өткізу пунктінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді. Үндістаннан және ауру тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге елдерінен келген азаматтарға ерекше назар аударылады. Қолайсыз елдердің тізімі тұрақты түрде қайта қаралып, жаңартылып отырады.

Сондай-ақ министрлік медициналық ұйымдардың дайындығы қамтамасыз етілгенін хабарлады. Шұғыл медициналық көмек пен инфекциялық стационарлар бригадалары толық әзірлікке келтірілген. Дәрілік заттардың, жеке қорғаныс құралдарының және дезинфекциялау құралдарының жеткілікті қоры қалыптастырылған.

Министрліктің түсіндіруінше, Нипах вирусы зоонозды инфекциялар қатарына жатады. Ол адамға жануарлардан, соның ішінде жарқанаттар мен шошқалардан, сондай-ақ ауру жұқтырған адаммен тығыз байланыс кезінде берілуі мүмкін. Сонымен қатар вирус ластанған тағам мен сусын арқылы да жұғады.

Аурудың негізгі белгілері – жоғары температура, бас ауруы, жалпы әлсіздік. Ауыр жағдайларда орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы мен пневмония дамуы мүмкін.

Қазіргі таңда Нипах вирусына қарсы арнайы ем немесе мақұлданған вакцина жоқ, медициналық көмек симптоматикалық түрде көрсетіледі.

Фото: жасанды интеллект арқылы жасалынды

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости политики
Поделитесь новостью с друзьями