Жасампаздық, жаңашылдық және жеке жауапкершілік құндылықтарын басты бағдар ететін «Жаңа адамдар» қозғалысы көшбасшыларымен танысып, сұхбаттасу реті түсті дейді Arnapress.kz тілшісі.
Инстаграм желісінен Жаңа адамдар парақшасы елең еткізбей қоймайды. Атауы да ерекше.
Қозғалыс қоғамдық өмірге шынайы қатысуға деген сұранысқа жауап ретінде пайда болған екен. «Жаңа адамдар» бүгінде Қазақстанның 19 қаласында мыңдаған белсенді жасты біріктіріп отыр.
«Осы түсініктің негізінде 2022 жылы Жаңа адамдар қозғалысы дүниеге келді. Бүгінде бұл — белсенді азаматтар мектептерінің желісі мен жобалар, кейстер шеберханасы, жауапкершілікті өз мойнына алып, айналасын өзгертуге дайын мыңдаған жасты біріктіретін орта. Қозғалыс күтілімдер мен сөздерден нақты әрекеттер пен нәтижелерге көшу қажеттілігінен туды. Мыласы, Астанадағы Тұран мен Ұлы дала көшелерінің қиылысында орналасқан 8,6 гектар жерде заңсыз қоқыс үйіндісіне екі ай рейд жүргізіп, анықтап, жойдық және қоғамға қауіпті топ педофильдермен күресіп жүрміз», — дейді Жаңа адамдар қозғалысының көшбасшысы Асель Баденова.
«Жаңа адамдардың ұстанымы — сананы өзгертудің нақты тетіктерін қалыптастыру. Қоғамдық күн тәртібінде «Заң мен тәртіп» қағидаты айқын естіле бастады, ол: өзгерістер адамнан басталады деген қарапайым ақиқатқа негізделген. Осы тұрғыдан алғанда, Жаңа адамдар — қоғамдық өзгерістердің авангарды», — дейді қозғалыс көшбасшысы Асель Баденова
Еске сала кетейік, 2023 жылы Жаңа Адамдар жанқияр өрт сөндірушілерге алғысын білдіріп, оларға қолдау көрсетіп, Семей қаласының орталығында, Абай көшесі, 97 мекенжайында жалпы аумағы 150 шаршы метрден асатын «Ерлерімізге рахмет!» деген үлкен баннер ілгені туралы сайтымызда жазған едік.
Гүлнұр Ахметжан
Фото: Жаңа адамдар көшбасшыларынан
По сообщению сайта Arna Press