Популярные темы

Қазақстандық балуан Шұғыла Өмірбек жастар арасында әлем чемпионы атанды

Дата: 25 октября 2025 в 11:26 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстандық балуан Шұғыла Өмірбек жастар арасында әлем чемпионы атанды

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбек Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды. Бұл туралы Olympic.kz сілтеме жасай отырып Sportinfo хабарлайды

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді.

Шұғыла финалда Түркия елінің өкілі Туба Демирмен алтын жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде қазақстандық балуан 12:8 есебімен басым түсті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтады

«Бұл – тарихи жеңіс. Өйткені еліміз мұндай халықаралық жарыста алғаш рет алтын медаль иеленіп отыр.

Әр салада өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен табысқа жететін жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Шұғыланың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіремін!»

По сообщению сайта SportInfo

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями