Популярные темы

Жағажай волейболы: ұлттық құрама жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында өнер көрсетуін бастады

Дата: 21 октября 2025 в 10:16 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жағажай волейболы: ұлттық құрама жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында өнер көрсетуін бастады

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары аясында жағажай волейболынан іріктеу сайысы басталды.

20 қазанда ұлттық құрама топтық кезеңде төрт матч өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті.

Қыздар құрамасынан Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет алдымен Шри-Ланканы 2:0 есебімен жеңді. Одан кейін қазақстандықтар Қатар құрамасынан да 2:0 есебімен басым түсті.

Ұлдар арасындағы жұптық сайыста Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш алғашқы ойында Моңғолияны 2:0 есебімен ұтты. Кейін қазақстандық жағажай волейболшылары Қытай құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Дереккөз: Olympic.kz

По сообщению сайта SportInfo

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями