Популярные темы

Қазақстандықтарға жылу үшін шамамен 1,6 млрд теңге қайтарылады

Дата: 19 августа 2025 в 12:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстандықтарға жылу үшін шамамен 1,6 млрд теңге қайтарылады

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу жөніндегі жұмысты аяқтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ведомство ақпаратынша, бұл жұмыс табиғи монополиялар субъектілерін сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты жылу есептеулерін түзетуге міндеттейтін заңнамаға сәйкес жүргізілді.

«Қайта есептеу қорытындысы бойынша азаматтарға 1 554,7 млн теңгеден астам (ҚҚС есебімен) қайтарылатын болады. Қаражат дербес шоттарда жеке жолмен – 2024-2025 жылдардағы жаңа жылыту маусымында аванс (сальдо) түрінде не 2025 жылдың соңына дейін күнтізбелік жыл ішінде көрсетілетін болады», — деп мәлімдеді ведомство.

Қаражатты қайтару еліміздің барлық өңірлеріне әсер етеді. Атап айтқанда:

«Шымкент пен Ұлытау облысының тұтынушылары үшін есептеулерді түзету қарастырылмаған, өйткені реттелетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып қалыптастырылған», — делінген ақпаратта.

Бұл ретте, Астанада жылыту маусымы бойы ай сайын қайта есептеу жүргізілгені қоса айтылды, бұл температураның өзгеруін дәлірек ескеруге және тұтынылған жылудың нақты көлемін көрсетуге мүмкіндік берді.

Қосымша ақпарат алу үшін азаматтар Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттеріне келесі телефондар арқылы жүгіне алады:

Сурет: pexels.com

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями