Популярные темы

Семейде биіктен құлаған ұстаздың мәселесі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Дата: вчера в 21:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде биіктен құлаған ұстаздың мәселесі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Стоковые изображения от Depositphotos

Жаңа жылдың алдында қалалық шыршаны безендіруге шақырылып, биіктен құлаған ұстаз ауруханадан үйге шығарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Басынан ауыр жарақат алып, бір-неше күн жансақтау бөлімінде болған Қуат Айтқалидің бүгінгі жағдайы орташа. Жұбайы Сымбат Тұрғалиеваның айтуынша өздігінен жүріп-тұруы қиын. Міндетті түрде жанында күтуші болу керек. Бұл әрине, түсінікті. Ота кезінде дәрігерлер бас сүйегінің сынған бір бөлігін алып тастауға мәжбүр болды.

«Оңалтуға жарты жылдай уақыт кетеді. Себебі қазір екі айдан кейін бізде күрделі ота болады. Яғни пластик қояды. Осы жақта екі айдан кейін консультацияға барамыз», — дейді Қуат Айтқалидің жұбайы.

Әзірге жұмысқа жарамсыз болғаны былай тұрсын, бұл жарақатты «өндірістік» болып саналмайтыны ойға қонымсыз, — дейді Сымбат Тұрғалиева.

«Оған біз әрине келіспейміз. Өтем ақы төлемейді. Себебі ол тек қана ауызша ғана приказ болды деп айтып жатыр. Негізінде ол жерде қаншама куәгерлер бар ғой. Оның барлығы тергеу әрекеттері біткеннен кейін белгілі болады. Сондықтан да біз ол кісінің (премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова — авт.) айтқанына мүлдем келіспейміз. Себебі ол өз еркімен барған жоқ. Оған міндет приказ ауызша болса да, оған приказбен келді. Ешкім ерігіп, сенбі күні таңертең сегіз жарымда ол шыршаның жанына бармайды»

Биіктен құлаған ұстаздың жұбайы адвокаттың көмегіне жүгініп, барлық мәселені заң аясында шешуге мүдделі. Бүгінде орын алған жағдайға байланысты ҚР Қылмыстық кодексі 362 бабы «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану» бойынша іс қозғалды.

«Қазіргі тергеу әрекеттері жүріп жатыр ғой. Кім бұл іске нақты кінәлі   — ол жағы әлі белгісіз. Тергеу амалдары аяқталғанын күтеміз» — деп қосты ұстыздың жұбайы Сымбат Тұрғалиева.

Қазіргі уақытта Қуат Айтқали ауруханадан шығарылып, тұрғылықты мекен-жайы бойынша ем алуда. Ал күні кеше елордада премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, орын алған жағдай өндірістік жарақат болып есептелмейтінін және өтемақы төленбейтінін айтты.
 

Сурет: автордікі 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями