Популярные темы

Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды

Дата: 04 декабря 2024 в 12:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы тағайындалды
Стоковые изображения от Depositphotos

Конкурстық рәсімдердің нәтижесінде Ғапуов Айбек Еркінұлы Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айбек Еркінұлы  Үржар ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін және Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Қазақстан студенттерінің Альянсының облыстық көшбасшысы ретінде бастаған.

Әр жылдары ол Семей қаласының жастар ресурстық орталығының әдіскері, маманы, директорының міндетін атқарушы, сондай-ақ Семей қаласының ішкі саясат бөлімінде инспектор, маман, бөлімнің бас маманы болып жұмыс істеген.

Сонымен қатар, Абай облысының қоғамдық даму басқармасының дін істері бөлімінің басшысы және Абай облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру-әдістемелік және инспекциялық жұмыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями