Популярные темы

Полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертеді

Дата: 29 ноября 2024 в 15:58


Полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертеді
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысының полициясы алаяқтық жаңа түрі туралы ескертеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқтар өздерін «Қазпошта» қызметкерлері ретінде таныстырып, сіздің атыңызға сәлемдеме келгенін хабарлайды. Олар сәлемдемені алу үшін SMS-кодты айтуыңызды сұрайды. Мұндай жағдайда әңгімені бірден тоқтатып, ешқандай кодты бермеңіз.
 

«Қазпошта» АҚ хабарламаларды тек 1499 ресми қысқа нөмірінен жібереді. Сәлемдеменің жағдайын post.kz ресми сайтынан немесе мобильді қосымшадан тексеруге болады.

Алаяқтардың құрбаны болмас үшін әрбір қоңырау мен SMS-хабарламаны мұқият қарап, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және банк картасының деректерін немесе SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз. Егер күмәнді хабарлама немесе қоңырау алсаңыз, ақпаратты нақтылау үшін «Қазпоштаның» ресми өкілдеріне хабарласыңыз.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями