Стоковые изображения от Depositphotos
Бүгін таңғы сағат 06:00-де ТЖ қызметінің пультіне Теректі ауылындағы балабақша ғимаратында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, бір қабатты ғимараттың шатырын және төбелік жабындарын өрт шалғаны анықталды.
Өрт шұғыл түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.
Өртті сөндіруге ТЖД мен ЖАО 32 қызметкері мен 5 техника бірлігі қатысты.
Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында өрттің көршілес дүкен ғимаратына таралуына жол берілмеді.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press