Популярные темы

Абай облысында контрафактілі алкоголь өнімдері сатылған

Дата: вчера в 18:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында контрафактілі алкоголь өнімдері сатылған
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысында контрафактілік алкоголь өнімдерін сатудың фактісі тоқтатылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей қаласында ҰҚҚБ қызметкерлері 27 жастағы жергілікті тұрғынның заңсыз әрекетін әшкереледі. Ол жертөле бөлмесінде контрафактілік алкоголь өнімдерін жасап, оны бөлшек саудамен сатуды ұйымдастырған.

Оперативті шаралар барысында 358 литр спирт және 650-ден астам бөтелкеге құйылған дайын алкоголь өнімдері тәркіленді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями