Популярные темы

Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталды

Дата: 25 ноября 2024 в 15:59 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлер анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«2024 жылы 16 535 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 144,9 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,9 пайызы Қытайдан, 39,2 пайыз Өзбекстаннан, 5,8 пайыз Моңғолиядан, 5,2 пайыз Түрікменстаннан, 2,8 пайыз Ресейден және 1,1 пайыз басқа елдерден», делінген хабарламада.

1 қарашадағы жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,4 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,2 пайыз және зейнеткерлер 9,4 пайыз болды.

«Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,8 пайызы жоғары білімді, 24,8 пайызы орта кәсіби білімді, 54,4 пайызы жалпы орта білімді, және 3 пайызында білім жоқ. Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, href="https://aqparat.info/city/36003-pavlodar.html">Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары».

Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 3 033 адам. 2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 841 қандас қоныс аударды.

Сурет:gov.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями