Стоковые изображения от Depositphotos
Қаладағы дүкендердің бірінде тонау қылмысы болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ер адам күш қолданып, тоңазытқыштан екі бөтелке сыраны алып кеткен. Дүкен қызметкерлері оны тоқтатпақ болғанымен, қаскөй қашып үлгерді.
Полицейлер жедел әрекет етіп, «Сергек» жүйесінің көмегімен күдіктінің жеке басын анықтады. Көп ұзамай 44 жастағы күдікті қолға түсті.
Енді ол өз әрекеті үшін Заң алдында жауап береді. Күш қолдану арқылы тонау ісі бойынша ер адам 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press