Стоковые изображения от Depositphotos
Бөлім облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық бүйрек орталығының қолдауымен ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты шараға амбулаториялық көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі, облыстық бүйрек орталығының директоры және жоғары санатты нефролог дәрігері, аудан әкімінің орынбасары Ахмет Аққазин, сондай-ақ медицина қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.
Бөлім заманауи қондырғылармен жабдықталған. Мұнда екі науқасты бірден қабылдауға мүмкіндік беретін Fresenius Medical Care диализ аппараттары, емдеудің жоғары сапасын қамтамасыз ететін суды сүзуге арналған арнайы германиялық құрылғы бар.
Жаңа амбулаториялық-диализ бөлімі мамандандырылған көмекті қажет ететін аудан мен басқа да өңірлердің тұрғындары үшін маңызы зор. Мекеме медициналық қызметтерге қолжетімділікті және науқастардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press