Популярные темы

Қазақстанда доллар 4 теңгеге арзандады

Дата: 11 октября 2024 в 17:48 Категория: Новости экономики


Қазақстанда доллар 4 теңгеге арзандады
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанда доллардың 11 қазандағы бағамы белгіленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 4,37 теңгеге төмендеп, 487,37 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 11 қазандағы ресми бағамы — 490,84 теңге».

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 484,93 теңгеге, ал сату 488,24 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 484,15 теңгеден сатып алынып, 490,28 теңгеден сатылып жатыр

Еске салайық, 8 қазанда KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,35 теңгеге көтеріліп, 490,84 теңге болды.

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости экономики
Поделитесь новостью с друзьями