Популярные темы

Жанқош Тұраровтың жаттықтырушысы Алматыдағы жекпе-жек алдында маңызды мәлімдеме жасады

Дата: 12 сентября 2024 в 12:38


Жанқош Тұраровтың жаттықтырушысы Алматыдағы жекпе-жек алдында маңызды мәлімдеме жасады
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров 28 қыркүйекте әлі бірде-бір жеңіліс таппаған венесуэлалық Хесус Корреа Пинтомен шаршы алаңға шығады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

sportarena.kz ақпараты бойынша, оны маңызды жекпе-жекке Қазақстанның бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сағатбек Мұсаханов дайындауда. Оның айтуынша, Жанқош елімізде өтетін жарыста бар күшін көрсетуді жоспарлап отыр.

«Қарсылас өткізген 16 жекпе-жегін 16 нокаутпен аяқтаған. Жақсы жетістік. Бәрін рингке шыққанда көретін боламыз», — деді Сағатбек Мұсаханов.

Осы жылы желтоқсан айында Жанқош жапондық Акихиро Кондоны жеңген болатын.

Сурет: Instagram/zhankoshturarov

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Алматы
Поделитесь новостью с друзьями