Популярные темы

Абай облысында ҚХР Тарбағатай аймағының мәдени күні өтті

Дата: 21 августа 2024 в 11:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында ҚХР Тарбағатай аймағының мәдени күні өтті
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысында ҚХР Тарбағатай аймағының «Шыңжаң жақсы жер» атты концерті өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәдени шара  Қазақстан мен Қытай мемлекет басшыларының қол жеткізген достықты нығайту, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Шарада сөз алған Тарбағатай аймағының партия комитетінің басшысы Лю Е шекаралас аймақтар арасындағы байланыстың жаңа кезеңге қадам басқанын айтып, бүгінгі мәдени шараны соның бір айғағы екендігін алға тартты

Ал href="https://aqparat.info/city/36177-semei.html">Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов 1992 жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас орнағаннан бері экономика, саясат, мәдениет және білім салаларын қоса алғанда, түрлі ынтымақтастықта айтарлықтай жетістіктерге жеткенін атап өтті.

«Абай облысы мен Тарбағатай аймағы арасында да берік байланыс орнағанын жыл басынан бері өткізілген кездесулер мен жасалған екіжақты келісімдер дәлелдейді. Бүгінгі іс-шаралар халықтар арасындағы достықты одан әрі нығайтуға қызмет етедіКонцерттік бағдарламаны дайындап, мәдени байланысты дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін семейліктер атынан шынайы алғысымды білдіремін. Алдағы жұмыстарыңызға табыс тілейміндеді Нұрбол Нұрсағатов.

Концерт барысында көрермендерге әуезді әуен, ырғақты биден бөлек, Шыңжаң өлкесінің  дәстүрі, әдет-ғұрыптары мен көрікті жерлері таныстырылды. Бұл шекараның арғы бетіндегі аймақпен жақынырақ танысуға  мүмкіндік берді.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями