Стоковые изображения от Depositphotos
2024 жылдың 14 тамызында Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздарымен кездеседі деп жоспарланған болатын. Бірақ шара кейінге шегерілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Уәли кеше, 14 тамызда Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздары мен жаттықтырушылар құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойғанын еске салды.
«Өздеріңізге белгілі, кеше президент Қасым-Жомарт Кемелұлы кездеседі деп жоспарланған болатын. Өкінішке орай, спортшылар мен бапкерлердің жартысына Ковид диагнозы қойылды, сондықтан кездесуді кейінге қалдыруға тура келді. Барлығына тезірек сауығып кетуін тілейміз.» Берік Уәли
Кездесу міндетті түрде өтеді және тамыз айының соңына Ақордада жоспарланған.
11 тамызда Парижде ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындары аяқталды. Төртжылдықтың басты додасында Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс, үш қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 43-орынға тұрақтады.
Алтын медальді ел қазынасына 60 келі салмақта сынға түскен қазақ дзюдошысы Елдос Сметов әкелді.
Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов, грек-рим күресінен Демеу Жадраев (77 келі) және боксшы Нұрбек Оралбай (80 келі) күміс жүлдені иеленді.
Атқыштар Ислам Сәтбаев пен Александра Ле (аралас командалық атудан), дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) және боксшы Назым Қызайбай (50 келі) Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.
По сообщению сайта Arna Press