Популярные темы

Абай облысында мал иесі жауапкершілікке тартылды.

Дата: 13 августа 2024 в 18:08


Абай облысында мал иесі жауапкершілікке тартылды.
Стоковые изображения от Depositphotos


Абай облысында мал иесі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей Өскемен автожолында учаскелік инспектор бақылаусыз жайылып жүрген 20 жылқының иесін анықтады.

Әлеуметтік желі пайдаланушысы роликті жариялап, 2019 жылы осы учаскеде жануардың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алып, екі адамның қаза тапқанын атап өтті.

 

«Құқықтық тәртіп сақшылары ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзуға жол берген адамды дереу анықтады. 29 жастағы мал иесіне қатысты әкімшілік материал толтырылды», деді облыс Абай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ернар Базаров.

Тұрақты негізде өңірдің полицейлері автожолдарда, ауылдық округтерде иесіз малдың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары мен рейдтер жүргізеді.


Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями