Популярные темы

Абай облысы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалуда

Дата: 19 июля 2024 в 19:58


Абай облысы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалуда
Стоковые изображения от Depositphotos

Алдағы ойындарда қазақ күресі, алыптар жарысы, мас-рестлингтен және басқа да дәстүрлі спорт түрлерінен облысымыздың бес спортшысы қатысады деп күтілуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спортшылар қызу дайындықты Қырғызстандағы оқу-жаттығу жиындарында жүргізіп жатыр. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушылардың арасында құсбегі Ерзат Байқадамов пен мас-рестлингтен Дулат Барлықов бар. Олар жарысқа қатысу лицензиясына ие. Қазақ күресінен қатысуға үміткерлер – Роза Нысантайқызы мен Ерсін Сейтқазинов, Дидар Тұқышов пен Зарина Сарипова (2022 жылы Түркияда 4-ДКО жеңімпазы), Әсет Ахметжанов пен Дәурен Нұралинов іріктеу нәтижесін күтуде.

Қатысушылар физикалық дайындығы мен техникалық дағдыларын жетілдіру үшін белсенді түрде жаттығуда. Ойындарда жақсы нәтижелерге жету үшін стратегия, төзімділікке және әдіс-тәсілге ерекше назар аударылады.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Абай облысының амбассадоры ретінде ауыр салмақтағы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақ күресінен Қазақстан чемпионы Айбек Нұғымаров, қазақ күресі бойынша екі дүркін әлем чемпионы, Qazaqstan Barysy және Dala Qyrandary турнирлерінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов және мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мерей Карт таңдалды.

Сурет: ашық дереккөздерден 

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями