Популярные темы

NQZ vs TSE. Астана әуежайына ескі код қайтарыла ма?

Дата: 09 июля 2024 в 13:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


NQZ vs TSE. Астана әуежайына ескі код қайтарыла ма?
Стоковые изображения от Depositphotos

Астана халықаралық әуежайы атауын және әуежайдың үш әріптік кодын (NQZ) өзгерту жоспарда бар ма?, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz  сайтына сілтеме жасап.

2020 жылы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының үш әріптен тұратын коды TSE-ден NQZ-ге ресми түрде өзгертілді. Кодтағы N — Nursultan Nazarbayev airport және елорда атауы Нұрсұлтан дегенді білдіреді. QZ — бұл жаңа алфавитке сәйкес Qazaqstan.

Бүкіл әлем бойынша үш әріптен тұратын бірегей орын идентификаторларын тағайындауды халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) реттейді. Айта кету керек, елорда Ақмола және Астана деп аталған барлық уақытта үш әріптік код өзгерген жоқ. Ол TSE – Целиноград болды.

Ресми сұрауға жауап ретінде ААК берген мәлімет бойынша, TSE коды қаланың бұрынғы атауымен (Целиноград) байланысты екенін ескере отырып, ескі кодты қайтару мәселесі қарастырылмайды.

«Үш әріптен тұратын кодты өзгерту процесі бұрын қолданылмаған және бірнеше жылдар бойы IATA қарарына өзгерістер енгізу үшін көп күш жұмсалды. Содан кейін жаһандық жүйелерге қажетті өзгерістер енгізу үшін барлық әуекомпаниясымен және қызмет көрсетушілермен өтпелі кезеңді келісу бойынша жұмыс жүргізілді, халықаралық аренада мемлекет атынан бірқатар кездесулер өткізілді. Сондай-ақ, үш әріптен тұратын әуежай кодтарына өзгерістер енгізу процесі IATA мүшелерінің үлкен шығындарына әкелетінін атап өткен жөн», — деді ААК өкілдері.

Үш әріптен тұратын әуежай кодтарын әуекомпаниялар, әуежайлар, туристік агенттіктердің жаһандық брондау жүйелері және басқа да мүдделі ұйымдар жолаушылар әуе тасымалы саласындағы коммерциялық қызметті ұйымдастыру кезінде ақпарат беру үшін пайдаланады.

Әуежайдың үш әріптік кодына өзгерістер енгізу заңнамалық актіні қабылдауды талап етпейтінін ескере отырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамдық тыңдаулар өткізудің қажеті жоқ.

Айта кетейік, елордаға бұрынғы Астана атауын қайтарғанына қарамастан, қазір қаланың әуе айлағының ресми атауы — Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы. Сондықтан NQZ коды атауға сәйкес келеді.

Сурет: Tengritravel.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями