Стоковые изображения от Depositphotos
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,82 теңгеге көтеріліп, 451,77 теңгені құрады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 62,16 теңгені (+0,28) құрады.
Ұлттық банк еуроның бағамын 483 теңге, рубльді 5,05 теңге деп бекітті.
Ақша айырбастау орындарында доллар 451,1-452,7 теңгеге, еуро 484,5-488,5 теңгеге, ресей рублі 4,99-5,07 теңгеге сатылуда.
Ал, 12 маусымдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 0,47 долларға қымбаттап, 82,39 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Lite мұнайының бағасы 0,57-ге қымбаттады
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press